ҚПЛ: «Алтай» мен «Қызылжар» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын ХХІ туры бірінші турындағы алғашқы ойынның нәтижесі белгілі болды.

Фото: «Алтай» футбол клубы

Бұл турдағы екі кездесу кейінге қалдырылды. Ал қалған ойындар 8 және 9 тамыз күндеріне белгіленген. Алдымен 8 тамызда үш кездесу өткізілсе, 9 тамызға үш кездесу жоспарланған.

Алғашқы кездесуде «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шықты.

Ойын барысында петропавлдық командадан Йоханнес Бьорталид 45-минутта пенальтиден есеп ашса, 42-минутта өскемендік клубтан Ибрагим Дадаев таразы басын теңестірді.

Ал 78-минутта «Алтай» сапынан Никола Ямбор өз командасын алға шығарса, 92-минутта Этьен Бугре қорытынды есепті белгіледі. 
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Жетісу» (Талдықорған) - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.

Сондай-ақ бүгін 20:00-де «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған) командалары кездеседі.

Ертең, 9 тамызда 18:00-де «Астана» - «Оқжетпес» (Көкшетау),19:00-де «Елімай» (Семей) - «Ертіс» (Павлодар), 20:00-де «Атырау» - «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, қазақстандық маман Владимир Чебурин екі жақты келісім бойынша «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.