ҚПЛ: «Алтай» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Премьер-лигасында ХVІ турында өскемендік «Алтай» өз алаңында «Тобыл» (Қостанай) командасын қабылдады.

Фото: «Тобыл» футбол клубы

ақботКездесу барысында командалар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Ойынның 49-минутында «Алтай» сапынан Элгуджа Лобжанидзе өз командасын алға шығарды. Одан кейін қостанайлық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 13 ұпаймен он төртінші орынға көтерілді.

Дәл қазір бұл турда «Қызылжар» (Петропавл) — «Елімай» (Семей) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп — 0:0.

Ал кеше, 3 шілдеде елордалық «Астана» өз алаңында сол қаланың тағы бір өкілі «Жеңісті» 1:0 есебімен жеңді.

Бұл — өскемендік команданың биылғы біріншіліктені екінші жеңісі. Олар бұдан бұрын сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен қапы қалдырған еді.

Алдағы ойындар кестесі

5 шілде
19:00. «Атырау» — «Каспий»
19:00. «Ақтөбе» — «Жетісу»
20:00. «Қайсар» — «Ертіс»
20:00. «Ордабасы» — «Ұлытау».

Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 есебімен есе жіберді.