АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші турында елордалық «Астана» Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласында өткен ойында «Астана» жанкүйер күткен нәтижеге қол жеткізіп, қарсылас клуб қақпасына жауапсыз екі гол соқты.
Бірінші кезеңнің соңғы минутында елордалық футболшы Рунар Мар Сигурьонссон пенальтиден есеп ашты. Ал 80-минутта шабуылшы Дидар Жалмұқан қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, «Астана» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында 15 ұпаймен Алматының «Қайрат» командасы тұр.
Естеріңізге сала кетелік, кеше, 21 тамызда бесінші турда екі ойын өткізілді. Шымкенттің «Ордабасы» клубы Ақтаудың «Каспийін» 1:0, Алматының «Қайраты» Қостанайдың «Тобылын» 3:1 есебімен жеңді.
Бүгін өткізілетін тағы екі ойында «Қызылжар» мен «Шахтер», «Қайсар» мен «Жетісу» командалары кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.