ҚПЛ: «Қайрат» «Тобылдан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты төртінші турында екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Ақтаудың «Каспий» және Шымкенттің «Ордабасы» командалары жасыл алаңға шықты. Бұл кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 44-минутта шымкенттік шабуылшы Жоао Пауло өзінің еншісіне жазды. Осылайша, «Ордабасы» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Шымкенттік команда турнир кестесінде алты ойыннан кейін 10 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Екінші кездесу Алматының «Қайраты» мен Қостанайдың «Тобылы» арасында өтті. Аталған ойында да алматылық ұжым жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Қайрат» сапынан Небойша Косович 6, 48, Раде Дугалич 16 минуттарда мергендік танытты. Ал 66-минутта Ғафуржан Сүйімбаев өзінің қақпасына гол соғып алды. Ойында алматылық клуб 3:1 есебімен басым түсті. Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 15 ұпаймен турнир кестесінде көш басында тұр.

Бесінші турдағы қалған ойындар 22 тамызда өтеді. Бұл күні «Астана» мен «Оқжетпес», «Қызылжар» мен «Шахтер», «Қайсар» мен «Жетісу» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар
telegram