ҚПЛ: «Астана» үшінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын ХХІ турында елордалық «Астана» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпестен» басым түсті.

Фото: «Астана» футбол клубы

Екі команда қазір турнир кестесінде үздік үштікке ілігуге мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл кездесу тартысты өтетіні анық еді.

Ойынның 20-минутында «Оқжетпес» сапынан Борис Лотоцкий өз командасын алға шығарды. Одан кейін «Астана» қатарынан Карло Бартолец 27-минутта таразы басын теңестірсе, 40-минутта Марин Томасов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, 38 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, бұған дейін 8 тамызда «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:2, «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебімен тең түссе, талдықорғандық «Алтай» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 0:4 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ бүгін «Елімай» (Семей) - «Ертіс» (Павлодар), 20:00-де «Атырау» - «Ақтөбе» кездесуі өітп жатыр.

Сондай-ақ бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) - «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.