ҚПЛ: «Каспий» - «Ұлытау» жеңімпазды анықтай алмады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын ХХІ турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті.
Бұл күнгі ойындарды «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі түйіндеді.
Матч барысында екі команданың да жеңіске жету мүмкіндігі зор болды. Қарсыластар жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде ақтаулық клубтан Кеба Силла 45-минутта есеп ашса, 71-минутта жезқазғандық командадан Бақдәулет Зульфикаров мергендік танытты.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Бұл турдағы екі кездесу кейінге қалдырылды. Ал қалған ойындар 8 және 9 тамыз күндеріне белгіленген. Алдымен 8 тамызда үш кездесу өткізілсе, 9 тамызға үш ойын жоспарланған.
Айта кетсек, бұған дейін «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:2 есебімен тең түссе, талдықорғандық «Алтай» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 0:4 есебімен есе жіберді.
Ертең, 9 тамызда 18:00-де «Астана» - «Оқжетпес» (Көкшетау),19:00-де «Елімай» (Семей) - «Ертіс» (Павлодар), 20:00-де «Атырау» - «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.