Бұл күнгі ойындарды (Астана) - «Атырау» кездесуі түйіндеді.
Турнир кестесінде төменгі орынның бірінде тұрған атыраулық клуб алғашқы минуттан шабуылға иек артты. Ойынның 40-минутында олардың қатарынан Джордже Максимович есеп ашса, 45-минутта ол тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Екінші кезеңде елордалық клубтан Андрия Филипович 78-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Атырау» қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде 12-орынға көтерілді.
Сондай-ақ «Елімай» (Семей) өз алаңында «Ақтөбеге» 1:3, Павлодардың «Ертісі» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:2 есебімен есе жіберсе, Қостанайдың «Тобылы» елордалық «Астанадан» 2::1, алматылық «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуынан» 1:0 есебімен басым түсті.
Ал 11 қазан 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Оқжетпес» (Көкшетау), 16:00-де «Каспий» (Ақтау) - «Алтай» (Өскемен), 19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) - «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.
Футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы туры 31 қазан күні өткізіледі.