ҚПЛ: «Атырау» мен «Жетісу» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турында «Атырау» - «Жетісу» (Талдықорған) командалары шеберлік байқасты.

Фото: «Жетісу» футбол клубы

Турнир кестесесінде екі команданың да жағдайы қиындап тұр. Екеуі де қатарынан төрт мәрте жеңіліске ұшырады. Қос команданың да жеңіске жетуіне мүмкіндік бар еді.

Сондықтан жанкүйерлер олардан тартысты ойын күтті.

Кездесу барысында 24-минутта «Атырау» капитаны Қуаныш Қалмұратов пенальтиден есеп ашса, 50-минутта «Жетісу» сапынан Шоқан Абзалов таразы басын теңестірді.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, павлодарлық «Ертіс» Ақтаудың «Каспийінен» 3:2, петропавлдық «Қызылжар» «Ақтөбеден» 3:1 есебімен басым түсті.

Ал 2 тамызда «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Алтай» (Өскемен), «Ұлытау» (Жезқазған) - «Астана», «Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы алдын ала 5 тамырда өткізілген «Қайсар» (Қызылорда) - «Қайрат» (Алматы) кездесуінде оңтүстік астаналық команда сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.