ҚПЛ: «Елімай» сәтсіздік сериясын тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын ХХІ турының екінші ойын күні мәресіне жетті.

Фото: «Ертіс» футбол клубы

Бұл күнгі екі ойынның бірінде Семейдің «Елімайы» өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдады.

Кездесу барысында командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде алаң иелері және павлодарлық төрт гол соқты.

Алдымен семейлік клубтанн Иван Свиридов 73-минутта есеп ашса, одан кейін Май Миттендорфер автогол авторы атанды.

Ойынның 80-минутында «Елімай» сапынан Акамель Бактияров өз командасын қайтадан алға шығарса, Мирас Оматай 92-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Елімай» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 31 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Нәтижесінде үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Тағы бір кездесуде «Атырау» мен «Ақтөбе» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ елордалық «Астана» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Айта кетсек, бұған дейін 8 тамызда «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:2, «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебімен тең түссе, талдықорғандық «Алтай» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 0:4 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) - «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.