Алғашқы екі кездесудің бірі «Ұлытау» (Жезқазған) — «Ертіс» (Павлодар) арасында өтті.
Кездесу барысында павлодарлық клубтың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде олардың қатарынан Марко Евтич 17, Жан-Морел По 46-минутта гол соқса, Мартин Давид Анане 38-минутта бір гол енгізді.
Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде «Жетісу» (Талдықорған) -«Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасты.
Ойын барысында петропавлдық клубтан Александр Нойок 57, Стефан Баокен 82-минутта екі гол соқса, оған 71-минутта талдықорғандық клубтан Нұрбол Әнуарбеков бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Жетісу» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл — олардың қатарынан төртінші жеңілісі. Петропавлдық команда алты турдан кейін жеңіске қол жеткізді.
Дәл қазір «Ақтөбе» — «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесуі өтіп жатыр.
Сондай-ақ аталған турда ертең, 26 шілдеде 18:00–де «Тобыл» (Қостанай) — «Атырау», 19:00–де «Астана» — «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі.
Бұл турды 20:00–де «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана)
кездесуі түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең түсті.