Бұл турға дейін павлодарлық клуб қатарынан алты мәрте қарсыластарына есе жіберсе, семейлік команда соңғы төрт ойында жеңістің кілтін таба алмай келді. Сондықтан бұл матчтан жанкүйерлер тартысты ойын күтті.
Сондай-ақ қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев «Ертістің» бас бапкер қызметіне келгелі бері алғашқы кездесуін өткізді.
Алғашқы кезеңде павлодарлық клубтан Жан Морел По 27-минутта есеп ашса. екінші кезеңде Рамазан Оразов 48, Акмаль Бақтияров 52-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ал «Ертіс» сапынан Темірлан Ағыманов 89-минутта таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Премьер-Лига, Х тур ойындары:
16 мамыр
«Ұлытау» - «Каспий» 0:1
«Оқжетпес» - «Астана» 1:0
«Ертіс» - «Елімай»
Ал 17 мамырда тағы бес кездесу өтеді. Бұл күні көш басында келе жатқан «Қайрат», «Ордабасы» командалары кезекті тур ойындарында жасыл алаңға шығады.
Ойын кестесі
17 мамыр
16:00. «Қызылжар» - «Алтай»
17:00. «Жеңіс» - «Қайрат»
18:00. «Ақтөбе» - «Атырау»
19:00. «Қайсар» - «Тобыл»
20:00. «Ордабасы» - «Жетісу».
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады.