Алматылық команда биыл бас жүлдеге қол созуды алдына мақсат етіп отыр. Дегенмен басты қарсыласы — Шымкенттің «Ордабасы» клубынан төрт ұпайға артта қалып келеді. Павлодарлық клуб алдында Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу міндеті тұр.
Алғашқы минуттан алматылық ұжымның басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Марк Гуаль 15, 34, 74, Эдмилсон 16, Азамат Тұяқбаев 83-минутта мергендігімен көзге түсті.
Осылайша «Қайрат» қарсыласын 5:0 есебімен қапы қалдырып, бас жүлдеге таласты одан әрі жалғастырды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Семейдің «Елімайы» жезқазғандық «Ұлытауды» 2:1 есебімен жеңсе, «Алтай» (Өскемен) — «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Дәл қазір «Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Павлодар) кездесуі өтіп жатыр.
Ал 19:00–де «Астана» — «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 17 қазанда өз алаңында «Ақтөбе» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 1:3 есебімен есе жіберсе, қостанайлық «Тобыл» Астананың «Жеңісін» 4:2, көкшетаулық «Оқжетпес» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.