ҚПЛ: «Елімай» өз алаңында «Ұлытаудың» осал тұсын тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ турының екінші ойын күні, 18 қазанда «Елімай» (Семей) — «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

ҚПЛ: «Елімай» өз алаңында «Ұлытаудың» осал тұсын тапты
Фото: «Елімай» футбол клубы

Командалар Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу міндетін әлдеқашан шешіп қойды. Десе де олар алғашқы бестікке ілігуге күш салып келеді. Сондықтан кездесу барысында қарсыластар үш ұпай олжалауға тырысты.

Кездесу барысында семейлік клубтан Роджер Мурильо 22-минутта есеп ашса, Рожерио Шина 49-минутта басымдықты арттырды.

Ойынның 93-минутында «Ұлытау» сапынан Глеб Бухал қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Елімай» қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Алтай» (Өскемен) — «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Дәл қазір «Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Павлодар) кездесуі өтіп жатыр.

Ал 19:00–де «Астана» — «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ 17 қазанда өз алаңында «Ақтөбе» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 1:3 есебімен есе жіберсе, қостанайлық «Тобыл» Астананың «Жеңісін» 4:2, көкшетаулық

«Оқжетпес» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.