ҚПЛ: «Қайрат» «Жеңісті» жеңіп, көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХІ турындағы кейінге қалдырылған кездесуінде алматылық «Қайрат» өз алаңывнда Астананың «Жеңісін» сүріндірді.

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Кездесу барысында алматылық клуб белсенді ойын көрсетті. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуылдап, жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Алдымен олардың қатарынан Эдмилсон 20-минутта есеп ашты. Дегенмен елордалық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірінші кезең «Қайраттың» басымдығымен аяқталды.

Екінші кезеңде де алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Ойынның 63-минутында Марк Гуаль есепті ұлғайтса, одан кейін Луиш Мата 86-минутта мергендігімен көзге түсті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 57 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Олардың басты қарсыласы - Шымкенттің «Ордабасы» клубынан екі ұпайы артық. Сондай-ақ екі команданың өткізген ойындар саны теңесті.

Енді алдағы ХХVІ тур ойындары 12 және 13 қыркүйек күндері өткізіледі. Бұл турда 12 қыркүйекте «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Елімай» (Семей) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Жеңіс» (Астана) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) - «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) - «Атырау» ойнаса, 13 қыркүйекте «Ертіс» (Павлодар) - «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ұлытау» (Хезқазған) - «Алтай» (Өскемен) кездеседі. 

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығу үшін «Бернлиден» уақытша «Челсиге» оралады.