ҚПЛ: «Қызылжар» турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турындағы «Қызылжар» (Петропавл) - «Ақтөбе» кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Қазір ақтөбелік ұжым үздік үштікке жақындап келеді. Сондықтан әрбір кездесудің олар үшін маңызы артып тұрған еді. Есесіне петропавлдық клуб ала-құла ойынымен жанкүйер сенімін ақтай алмай жүрді. Алты турдан кейін алғаш рет жеңіске жеткен «Қызылжар» бұл жолы сол сәттілік сериясын жалғастыруға тырысты.

Кездесу барысында петропавлдық клубтан Евегний Макаренко 2-минутта есеп ашса, 38-минутта ақтөбелік клубтан Яни Атанаасов таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде «Қызылжар» сапынан Этьен Бугре 80-минуттан пенальтиден гол соқса, 88-минутта Лиридон Латифи басымдықты арттырды.

Осылайша «Қызылжар» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, павлодарлық «Ертіс» Ақтаудың «Каспийінен» 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ бүгін «Қызылжар» (Петропавл) - «Ақтөбе», «Атырау» - «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады.

Ал 2 тамызда «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Алтай» (Өскемен), «Ұлытау» (Жезқазған) - «Астана», «Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы алдын ала 5 тамырда өткізілген «Қайсар» (Қызылорда) – «Қайрат» (Алматы) кездесуінде оңтүстік астаналық команда сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.