Елордалық «Астана» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:0 есебімен жеңді. Екі голды елордалық клубтан Марин Томасов 11, 91-минутта өзінің еншісіне жазды. Осылайша ол біріншілікте соққан голын жетеуге жеткізіп, сұрмергендер көшінде алдыңғы орындарға жақындай түсті.
Ал «Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей) кездесуінде 0:0 есебі тіркелді.
Сондай-ақ бұған дейін көкшетаулық «Оқжетпес» Өскеменнің «Алтайынан» 4:1 есебімен басым түсті.
Бұл турды «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) кездесуі түйіндейді.
Алдын ала 5 тамызда өткізілген «Қайсар» (Қызылорда) - «Қайрат» (Алматы) кездесуінде оңтүстік астаналық команда сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Еске салсақ, бұл турда 1 тамызда павлодарлық «Ертіс» Ақтаудың «Каспийінен» 3:2, петропавлдық «Қызылжар» «Ақтөбеден» 3:1 есебімен басым түссе, «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) 1:1 есебіне қанағат білдірді.