Бұл күнге белгіленген ойындарды «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі түйіндеді.
Ойын барысында көкшетаулық клуб сапынан Никола Цуцкич 44-минутта мергендік танытты. Одан кейін екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.
Осылайша «Оқжетпес» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 27 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.
Аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, семейлік «Елімай» өз алаңынла «Жеңіске» 1:2 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ 20 шілдеде 18:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 20:00-де «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ордабасы» (Шымкент) кім мықтыны анықтайды.
Ал 18 шілдеде елордалық «Астана» Түркістанның «Тұранын» 7:0 есебімен тізе бүктірді.
Осыған дейін «Қайрат» өз алаңында «Қайсармен» тең түскені туралы жаздық.