АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы алғашқы үш ойынның нәтижесі белгілі болды.
Биыл жүлделі орынға қол жеткізуді қалайтын шымкенттік «Ордабасы» биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы үш турда небәрі еік ұпай еншілеген команда соңғы орындардың бірін місе тұтты.
Сондықтан бүгінгі кездесу барысында олар жеңіске ежету жолын іздеді. Нәтижесінде Мораес Эвертон 45-минутта соққан голы «Ордабасыға» жеңіс алып келді.
Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» 0:1, «Атырау» петропавлдық «Қызылжарға» 1:2 есебімен есе жіберді.
Бүгін 19:00–дe «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» кездеседі.
Ал 20 cәуірде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) ойнаса, «Тұран» (Түркістан) мен «Астана», «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.