ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде бесінші тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші туры басталады. 

ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде бесінші тур ойындары басталады
Фото: kffleague.kz

Бесінші тур 19 және 20 cәуір күндеріне белгіленген. 19 сәуірде төрт ойын өткізілсе, 20 cәуірде үш кездесу белгіленген.

Аталған турдың шымылдығын бүгін, 19 сәуірде 15.00-дe көкшетаулық «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ашады.

Осы күні 16.00-де «Атырау» мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.

Ал 17.00-дe «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» (Талдықорған), 19:00-дe «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» кездеседі.

Ал 20 cәуірде 15.00-дe «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) ойнаса, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Астана», 19.00-дe «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.

Қазір турнир кестесінде 13 ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр. Ал одан кейінгі орындардағы «Ақтөбе» мен «Астананың» 10 ұпайы бар.

Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салсақ, алдын-ала өткізілген 16-турда алматылық «Қайрат» «Атырауды» ойсырата жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар