Биыл мамандар шымкенттік клубты чемпиондық атаққа қол жеткізеді деген жорамал жасаған еді. Алайда соңғы турларда сәтсіздікке ұшырап, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды.
Бүгінгі ойында олар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Кездесу барысында елордалық команда Лукас Будинский 7-минутта есеп ашса, Адилио 29-минутта басымдықты арттырды.
Оған «Ордабасы» сапынан Всеволод Садовский 65-минутта бір голмен жауап қайырды.
Салдарынан шымкенттік клуб қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Олар бұдан қостанайлық «Тобылға» 0:2 есебімен есе жіберген еді.
Сондай-ақ Семейдің «Елімай» командасы сырт алаңда «Атырауға» 0:1, «Жетісу» «Қайратқа» 1:2 есебімен жол берді.
Енді 27 қазанда «Шахтер» мен «Қызылжар», «Тұран» мен «Түркістан», «Астана» мен «Атырау» кездеседі.
Еске салсақ, «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды.