АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турындағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
Елордалық «Жеңіс» аталған турда қостанайлық «Тобыл» командасымен кездесті.
Ойын барысында командалар жылдам гол соғуға тырысқан еді. Дегенмен қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуінде дәл осындай нәтиже тіркелді.
Бұл турдағы алғашқы ойын күнін «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары түйіндейді.
Алғашқы ойын күніндегі бірінші кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» клубы «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ 9 наурызда «Ақтөбе» мен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.