Командалар турнир кестесінің орта тұсында келеді. Соған қарамастан, кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен ерекшеленді.
Ойын барысында қостанайлық клубтан Патрик Виталий Лисакович 18, Аслан Тағыберген 33, Жаслан Жұмашев 59-минутта гол соқса, Сағадат Тұрсынбай 11-минутта автогол авторы атанды. Оған елордалық клубтан Патрик Кпозо 6, Андрия Филипович 38-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша, «Тобыл» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын өз алаңында көкшетаулық Петропавлдың «Оқжетпес» «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.
Дәл қазір «Ақтөбе» — «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Сондай-ақ 18 қазанда 15:00–де «Алтай» (Өскемен) — «Атырау», 16:00–де «Елімай» (Семей) — «Ұлытау» (Жезқазған), 18:00-де «Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Павлодар), 19:00–де «Астана» — «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.