Бұл турды «Тобыл» (Қостанай) — «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі түйіндеді.
Турнир кестесінің орта тұсында келе жатқан командалар жағдайын жақсартуға тырысты. Қостанайлық клуб өткен турда Ақтаудың «Каспийінен» (0:1) жеңіліп қалғаннан кейін өз жанкүйерлерін қуантуға күш салды.
Кездесу барысында қостанайлық клуб сапынан Урош Милованович 16-минутта есеп ашса, оған жезқазғандық командадан Аслан Ахмедов 37-минутта бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде «Тобыл» сапынан Виталий Лисакович 60-минутта көзге түссе, 92-минутта Урош Милованович тағы бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, 31 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.
Ойындар нәтижесі
Қазақстан Премьер-лигасы
6 қыркүйек, 6-тур
«Каспий» (Ақтау) — «Қайрат» (Алматы) 0:3
25-тур, 6 қыркүйек
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ордабасы» (Шымкент) 2:1
«Ақтөбе» — «Жеңіс» (Астана) 1:0
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ертіс» (Павлодар) 1:0
«Қызылжар» (Петропавл) — «Атырау» 0:1
6 қыркүйек
«Алтай» (Өскемен) — «Қайсар» (Қызылорда) 2:0
«Астана» — «Елімай» (Семей) 4:0
«Тобыл» (Қостанай) — «Ұлытау» (Жезқазған) 3:1.
Енді алдағы тур ойындары 12 және 13 қыркүйек күндері өткізіледі.