Аталмыштурдағы екі ойын 27 шілдеде болып өтті. Өз алаңында «Оқжетпес» «Ақтөбеден» 4:0,«Жетісу» «Шахтерден» 4:0 есебімен басым түсті.Бұл турдағы тағы бір ойын алдын ала 24 сәуірде «Қайрат» және «Атырау»командалары арасында өткізіліп, ол ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіскежеткен еді.
Бүгінелордалық «Астана» өз алаңында «Тараз» командасын ірі есеппен жеңді. Бұлкездесуде Рангело Янга 33 және 71-минуттарда қос голдың авторы атанды. Ал63-минутта Фирмин Мубеле, 88-минутта Марин Томасов қанжығасын майлады. Осылайша«Астана» «Тараздан» 4:0 есебімен басым түсті.
Қостанайқаласында жергілікті «Тобыл» тағы да қарсыласына есе жіберді. Бұл жолыҚызылорданың «Қайсар» командасына 0:2 еесбімен жол берді. Ойын барысындақызылордалық шабуылшы Куле Мбомбо 8 және 21-минуттарда қос голдың авторы атанды. Айтакетерлігі, «Тобыл» соңғы төрт ойында жеңіске жете алмай жүр. Есесіне «Қайсар» сәтсіздіксериясын тоқтатты.
Шымкентте«Ордабасы» Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады. Бұл кездесу тағдырын75-минутта шымкенттік ойыншы Алексей Щеткин соққан жалғыз гол шешті.Осылайша «Ордабасы» 1:0 есебімен басымтүсті.
Енді 21-туройындары 3 және 4 тамыз күндері өткізіледі. Алдымен 3 тамызда «Шахтер» мен«Астана», «Қайсар» мен «Оқжетпес», «Ақтөбе» мен «Жетісу», 4 тамызда «Тараз» бен«Ордабасы», «Ертіс» пен «Қайрат», «Атырау» мен «Тобыл» командалары ойнайды.