ҚПЛ: «Оқжетпес» «Ақтөбенің» сәттілік сериясын тоқтатты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турындағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы ойын Көкшетау қаласында болды. Жергілікті «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. «Ақтөбе» турнир кестесінде көш соңында келеді. Соған қарамастан соңғы бес тур бойы жеңіліске ұшыраған жоқ. Екі мәрте жеңіске жетіп, үш мәрте тең түсті. Сол сәттілік сериясы бүгін аяқталды. Олар алаң иелерінен 0:4 есебімен жеңіліп қалды. «Оқжетпес» сапынан 8-минутта Артем Дмитриев 8 минутта есеп ашты. Одан кейін 54 және 76-минуттарда көкшетаулық шабуылшы Жасұлан Молдақараев дубль жасады. Ойын нүктесін 83-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Дарко Зорич қойды.
Бүгінгі тағы бір кездесу Талдықорғанда болды. Онда жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтер» командасымен шеберлік байқасты. «Жетісудың» шабуылшысы Мартин Тошев 21 және 26-минуттарда қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ойын соңына дейін осы есеп өзгерген жоқ. Кездесуде «Жетісу» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл турдағы тағы бір ойын алдын ала 24 сәуірде «Қайрат» және «Атырау» командалары арасында өткізіліп, ол ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал 20-турдағы қалған ойындар 28 сәуірде «Ордабасы» мен «Ертіс», «Тобыл» мен «Қайсар», «Астана» мен «Тараз» командалары арасында болады.