ХV турды елордалық «Жеңіс» және «Астана» командалары түйіндеді.
Кездесу барысында Григорий Бабаян шәкірттері белсенді қимыл көрсетті. Десе де оған жеңістік футболшылар лайықты қарсылық көрсете білді.
Ойынның 30-минутында «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов мергендік танытып, өз командасын алға шығарған еді. Бірінші кезеңде «Жеңіс» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде қос команданың да гол соғатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Осындай сәттердің бірінде «Астана» ойыншылары 68-минутта өз айып алаңында тәртіп бұзды. Бас төреші Александр Затула бірден он бір метрлік нүктені белгіледі. Бұл мүмкіндікті Жиан дос Сантос Мартинс мүлт жіберген жоқ.
Ал 79-минутта «Жеңіс» сапынан Мәди Хасейн өз командасын алға шығарса, 94-минутта «Астана» құрамынан Ахметали
Калтанов таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
ХV турдың ойын нәтижесі
27 маусым
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайрат» (Алматы) 1:3
«Жетісу» (Талдықорған) - «Ақтөбе» 1:0
«Елімай» (Семей) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:0
«Каспий» (Ақтау) - «Атырау» 2:0
28 маусым
«Ертіс» (Павлодар) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:2
«Тобыл» (Қостанай) - «Алтай» (Өскемен) 3:1
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:1
«Жеңіс» (Астана) - «Астана» 2:2.
Енді екінші айналым ойындары 2, 3, 4, 5 шілде күндері өткізіледі.