Бас мүфти жиналғандарды туған ұлы ата-анасын кәпір деп олардан бас тартатын діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.
- Егер мұсылман өзгені қасақана өлтірсе, оның орны - мәңгілік тозақ болмақ. Біздің заманда әрекетін дінмен бүркелегісі келетін адамдар бар. Дегенмен олардың дінге деген еш қатысы жоқ. Дінде діни фанатизмнен сақтану керек. О дүниенің қамымен қатар, осы дүниенің жайын да ойлау керек, - деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.