«Қонақты қарсы ала отырып, А.Дауылбаев Д.Ордвейді қайта тағайындалуымен құттықтады және дипломатиялық салада жаңа қызметіне сәттілік тіледі, сондай-ақ дипломаттың Қазақстанда және ТМД-ның өзге де елдеріндегі жұмысы барысында жинаған тәжірибесі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі жандануына қосымша игі ықпал ететіндігін атап өтті», - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінде.
Кездесу барысында өзара мүдделі мәселелер бойынша келелі әңгіме мен өзара пікір алмасу болды. Тараптар өзара қол жеткізілген іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдіріп, бұрын қол қойылған келісімдер аясында ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Сонымен қатар трансұлттық қылмысқа, лаңкестікке және экстремизмге қарсы күрес саласын қоса алғандағы кең ауқымды мәселелер қозғалды.