«Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 12 жылдық білім беруге көшу 2015 жылға белгіленген. Біз бұл мерзімді бұзбаймыз және 2015 жылы нақты көшеміз. Алайда, демография мәселесіне келсек, біздің еліміздегі орта мектептерде 11 жастан жоғары балалар санының өсетіні белгілі. Міне, осы толқын орта мектептерге. Дегенмен, жоғары оқу орындарында - университеттер мен колледждерде керісінше төмен көрсеткіш бар. Бұл да 90-жылдардағы демографиялық құлдыраудың жаңғырығы. Сондықтан да, бізде колледждер мен жоғары оқу орындарында бос орындар шығып та жатыр», - дейді министр.
Осыған орай, ведомство басшысы 2015 жылдан бастап жалпы білім беру мектептерінде 12 жылдық білім берудің стандарттары бірінші сыныптан енгізілетінін алға тартты. Сонымен қоса, 5-9-сыныптарда оқу бағдарламалары бірге жаңартыла бастайды, ал 12-сыныпты негізінен жан басына шағып қаржыландырылатын жоғары оқу орындарының базасында енгізу жоспарланады.