АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жарты жылда азаматтарды қабылдау шарасын өткізбеді. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің селекторлық отырысында Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова осылай айтты.
«2014 жылы министр 12 айдың ішінде 6 айында азаматтарды қабылдауды өткізген жоқ. Сонымен бірге біз де оның қабылдауына өте алмадық»,-деді ол.
Кеңес мүшесінің сөзіне қарағанда, 2014 жылы министрлікке 504 өтінім келіп түскен және оның басым бөлігі жауапсыз қалған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.