Белгілі болғандай, компьютерлік форматта «Математика», «Жаратылыстану» және «Оқу сауаттылығы» бағыттары бойынша тестілеу зерттеуге қатысушы 9-сынып оқушыларынан, мектеп директорларынан, мектеп мұғалімдерінен сауалнама алумен бірге жүреді.
Зерттеуге барлығы 5 040 адам қатысады екен, олардың ішінде мектеп директорлары - 96, пән мұғалімдері - 944, жалпы білім беретін мектептегі 9-сынып оқушылары - 4 000.
9-сынып оқушыларының білім жетістіктерінің қорытындылары 2014 жылғы шілдеде барлық қатысушыларға хабарланады. Сонымен бірге қатысушы мектептерге зерттеу жабдықтары беріледі.