ҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі республикалық, қалалық БАҚ пен жалпы жұртшылық назарына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі студенттер мен оқушылар арасындағы «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын және ол жайлы хабарламаны «Зерттеуші» республикалық ғылыми білім беру орталығының сайтына жарияламағанын хабарлайды.

Сонымен бірге, «Зерттеуші» республикалық ғылыми білім беру орталығының Министрліктің қарамағындағы ведомство еместігін назарға алуды сұрайды.