«100 кiтап - 100 книг» жобасы - бұл мемлекеттік тілге аударылуға ұсынылатын өзекті кітаптарды анықтау байқауы. Байқау мақсаты - қазақ тіліне аудару үшін қазақстандық оқырмандар арасында танымал кем дегенде жүздеген кітаптардың тізімін құру. Байқау біздің сайт пайдаланушыларымыздың онлайн дауыс берулері арқылы өтеді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында қазіргі заманға сай кемінде мың кітаптар тізімін құрып заманға сай қазақ тіліне аудару туралы жаңашыл идеяны айтқан болатын. Бұл қалың оқырмандар ортасында қазақ тілін айтарлықтай дәрежеге байытуға және әйгілеуге мүмкіндік береді.
«Конкурс іріктеуіне кітаптар тізімін құру оңай тапсырмалардан емес екенін мойындау керек. Әдебиет артықшылығы - сапалы бағаға берілмейтін жеке орта. Ғаламторда көптеген әртүрлі субъективті де бір жақты «дүниежүзінде ең таңдаулы туындылар» тізімдері мне рейтингтері кездеседі. Әр түрлі рейтингтер мен абыройлы әдеби премия қорытындыларын ежіктей зерттеу арқылы біз дүниежүзіндегі қазіргі заман әдебиетінен өз тізімімізді құрдық. Дегенмен, «қазақ тіліне аударылатын өзекті 100 кітап» рейтингін құрайтын кітаптар тізімі Сізге байланысты.
Әр оқырман өзіне оқуға, әсіресе басқаларға кітап ұсынуға арналған салыстыра тексерілген өлшемі бар екені сөзсіз. Біз дауыс беру қандай кітаптар өзекті екенін анықтауға көмектесіп, одан ары - мемлекеттік тілге аударылған кітапқа деген оқырман сұранысын қандырады деп болжаймыз.
«100 кiтап - 100 книг» жобасы, дәл сондай біздің әлеуметтік желіде ресми тобымыздағы байқауды талқылау барлығының назарын ғажайып кітаптар әлемі мен әдеби шығармашылыққа тартып, қоғамымызда кітап оқу дәстүрімізді, ата-аналардың балаларын кітапқа деген махабатты дағдыландыру парызын еске түсіреді деп шын көңілмен үміттенеміз», - делінген хабарламада.
«Қазақ тіліне аударылатын өзекті 100 кітап» ақырғы қорытынды тізімін конкурстың эксперттер кеңесі ресми дауыс беру аяқталған соң бекітеді. Эксперттер кеңесінің құрамына жазушылар, ғалымдар, мұғалімдер, баспашылар және журналшылар кірді.
«100 кiтап - 100 книг» жобасы «С.А.Р.» талдау және болжау орталығы» Қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті» ММ қолдауымен ұйымдастырылды.