ҚР-да «Жазасын өтеушілерге мониторинг жүргізудің электрондық құралы» ілкі жобасы іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында «Жазасын өтеушілер мониторингінің электрондық құралы» ілкі жобасы іске қосылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Электрондық бақылау жүйесі өз еркімен келісім бойынша елордалық ҚАЖ пробация қызметінде пробациялық бақылаудағы қоғамнан оқшауланбаған 4 жазасын өтеушіге қолданылды», - деп атап өтті әңгімелесу барысында Астана қаласы ҚАЖ департаментінің пробация қызметі бөлімінің бастығы Талғат Мешітбаев.

«Әр жазасын өтеушінің аяғына білезік түрінде электрондық құрылғы орнатылады, оны арнайы аппаратура көмегімен шешуге болады. Бұл білезіктің жүріп-тұруға еш кедергісі жоқ. Оны тағып моншаға баруға немесе бассейнге түсуге болады».

Электрондық бақылаудың ерекшелігі жеке бағдарламада жазасын өтеушінің тұратын жері, жұмысы, сондай-ақ сот үкімімен оған баруға тыйым салынған аймақ белгіленген. Пробация қызметкері интернетке шығып, компьютердің көмегімен оны кез келген уақытта тексере алады. Құрал әрекетінің радиусында шектеу жоқ. Жобаны іске асыру осы жылы наурызда аяқталады», - деп қосты ол.