«Қазіргі уақытта біздер әкімдіктер жанындағы заңсыз адам саудасымен күрес жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ереже жобасын әзірлеп бекіту мәселелерімен айналысудамыз», - деп атап өтті ол.
Қ.Қасымовтің сөзіне қарағанда, ескерту жұмыстарымен байланысты барлық мәселелердегі мемлекеттік құрылымдардың сұхбат алаңы ҚР Үкіметі жанындағы заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия болып отыр.
«Әрбір 3 жыл сайын адам саудасының алын алу және онымен байланысты қылмыстармен күрес жөніндегі іс-шаралардың үкіметтік жоспары қабылданып, ол жүзеге асырылуда», - деп қосты министр.