«ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде оларды алу уақытын қысқарту бойынша халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімшелері мен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалдарында көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) және жүргізуші куәлігін беру қызметтері жартылай қолжетімді болмауы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
14:52, 01 Наурыз 2018
ҚР ІІМ автокөліктерді тіркеуде уақытша қиындықтар болатындығын ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу қызметтерінің қолжетімді болмауы мүмкін екендігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.