«Климаттық өзгерістер, көлік ағынының ұлғаюы, жол көрінісінің қиындауымен қатар қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады. ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде еске мынадай талаптарды еске салады:
(көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда) қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ кенеттен тежеуге жол бермеу қажеттігін есте қстаған жөн.
Күн райы және жолдарды жабуға қатысты ақпараттарды назарда ұстау қажет»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік таратқан деректерге қарағанда, күн райының қолайсыздығына байланысты қыстың басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 24 көліп апаты тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.