«Талдау шараларына қарағанда, жол-көлік оқиғаларының артуына бірқатар объективті және субъективті себептер әсер етті. Оның ішінде әсіресе, еліміздегі автопарктің күрт артуына байланысты болып отыр. Тек он жылда, яғни 2004 жыл мен 2014 жыл аралығында еліміздегі автокөліктер саны 2,5 есеге өсіп, бүгінде 4 млн. 200 мыңды құрады. Алайда Астана мен Алматыны есепке алмағанда, 10 жылда біздің қалалардың инфрақұрылымы өзгерген жоқ», - деді министрдің орынбасары.
Е.Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, ел өңірлеріндегі қалаларда да көлік санының артуының кері әсерлері байқалуда.
Осы орайда ол болашақта көлік ағымындағы кейбір мәселелер күрделене түсуі мүмкін екенін атап өтті.