«Қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген 1200-ден астам адам бар. 2013 жыл мен 2016 жылдың 7 айы аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары іздеу салған 646 адам іздеп табылды. Оның ішінде 400-ге жуығы Ресейде, 90-ға жуығы Өзбекстанда, 60-тан астам Қырғызстанда, 20-сы Әзербайжанда ұсталды», - деді А.Сәдубаев.
Сонымен қатар ол қазақстандық полицейлер өз елінде қылмыс жасап, қазақ елінде бой тасалап жүрген 1400-ден астам шетелдік азаматты ұстағандығын атап өтті.
«Оның ішінде 700-ден астамы Ресейдің, 500-ден астамы Өзбекстанның, 80-і Қырғызстанның азаматы және әзербайжандықтар да бар», - деді ол.