Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа тағайындалған орынбасарды Көліктегі ІІД жеке құрамына таныстыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің аппарат басшысы милиция генерал-майоры Марат Бұқанов арнайы келді.
Әлібек Оразғалиев 1960 жылдың 27 қарашасында дүниеге келді. Ол 1983 жылы Семей педагогикалық институтын, 1996 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті Қарағанды жоғары милиция мектебін бітірген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ кадр жұмысы департаментінің бастығы қызметін атқарды.