Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Ержан Сәденовті Көліктегі ІІД-нің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Ганұлы Демеуов таныстырды.
Ержан Сәденов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының ІІД-де басшылық қызметте істеген, сондай-ақ Маңғысау облысы ІІД бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Кейінгі жылдары ҚР ІІМ аппаратында қызмет еткен.