ҚР Ұлттық ұланы дене шынықтыру және спорт қызметінің басшысы Жанболат Ахметовтің айтуынша, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнирге барлығы 20 құрама команда қатысқан.
«Қазақстанның күш құрылымдарынан, қоян-қолтық жекпе-жектен облыстық федерациялардан барлығы 20 құрама, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан бір-бірден екі құрама команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы, екінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы, үшінші орынды ҚР Ұлттық ұланының командасы иеленді», - дейді Ж.Ахметов.
Жалпы, турнирдің мақсаты - әскери қызметкерлер арасында, сондай-ақ Күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты дамыту мәселелерін насихаттау.