«Шынымен де аталған қызметкерді Батыс Қазақстанның арнаулы прокуратурасы облыстық полиция департментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ұстады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес аталған сотқа дейінгі тергеу ісін жариялауға болмайды», - деді Нұрділдә Ораз.
18:19, 07 Наурыз 2019
ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі -ресми өкіл Нұрділдә Ораз растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.