ҚР ІІМ қорықшыны өлтірген күдіктілерді қалай тапқанын айтып берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары Ақмола облысының аумағында қорықшыны өлтіргендерді әуеден және үш облыс аумағындағы жолдардан іздестірген, депе хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министріЕрлан Тұрғымбаевтың мәлімдеуінше, инспекторларға шабуыл жасаған қылмыскерлердіанықтау және ұстау үшін республика бойынша «Ұстау» операциясы жүргізілген. Қолдағыдеректер барлық аймақтарға жөнелтілген.

«Оқиға орнына жақынорналасқан Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жеке құрамыдереу күшейтілген қызметке көшті. Облыстық жәнереспубликалық маңызы бар автожолдарға блок-бекеттер қойылды, үш облыстың жолдарыбойымен жедел-іздестіру топтары жіберілді. Іздестіружұмыстарына ІІМ ТЖК тікұшақтары, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және«Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қатысты», - деді Ішкі істер министріЕрлан Тұрғымбаев.

Жоспарланғаніс-шаралардың нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынған.

«Жедел-іздестірушараларының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғыны күдікті ретінде анықталыпұсталды. Сондай-ақ, қылмыс болған тұстан 20 шақырымдай жерден «Нива» маркалыавтокөлік табылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдарыжүргізілуде. Қылмыс құралы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Бірқатар криминалистіксараптамалар тағайындалды. Бұл қылмысқа басқа да қатысушылардың бар-жоғытексерілуде», деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Қорықшы Қ.С.Нұртазиновтың өліміне және қорықшы С.К. Оспановты өлтіру әрекетіне байланыстыҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен бірге Ішкіістер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының браконьерліктің алдыналу және жолын кесу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлады.

Жыл басынан берікиіктерді браконьерлік жолмен аулау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды,32 адам ұсталды, 634 киік мүйізі,қылмыс құралдары, сондай-ақ, 13 бірліавтокөлік және 19 - атыс қаруы алынды. Келтірілген шығын көлемі 1,3 миллиардтеңгеден асты.

«Браконьерлік үшінәкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту, оның ішінде мүлік пен қылмысқұралын тәркілеу туралы ұсыныстар енгізілді. Табиғат және жан-жануарлар әлемінеқатысты заңдарды бұзушылар келтірген зиян үшін өндірілетін өтемақы мөлшерін арттырумәселе де пысықталуда. Орман шаруашылығы және жан-жануарлар әлемін қорғаубөлімшелерінің көліктерін арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтап,білгілі бір түске бояу мәселесі әзірленді», делінген хабарламада.


Еске сала кетсек, кеше Ақмола облысыныңЖарқайың ауданында киік аулағандар ізіне түскен екі инспекторды атып жарақаттаған. Кейінірек жарақат алған қорықшының бірі қайтысболғаны хабарланды .

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айта отырып киіктерді атқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Ал ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттапсырмасына сәйкес қылмыстық заңнама күшейтілетінмәлім етті.

Соңғы жаңалықтар