15-ші Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойндарында ҚР ІІМ құрама командасы алғашқы медальдарға қол жеткізді.
Дзюдошылар арасында өткен сайыста команда қоржынына күміс жүлдені Астана қаласының ІІД қызметкері, полиция капитаны Талғат Қожабаев салса, ОҚО ІІД қызметкері, полиция подполковнигі Асқар Жандаров қола жүлдеге ие болды.
Еске сала кетсек, 1 тамыздан бері Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) 15-ші Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілердің ойындары өтіп жатыр. Оған әлемнің 75 елінен 10 мыңға жуық тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілер қатысуда.