«Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР ІІМ-нің дерегінше, қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысты.
«Алайда, полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль алынды»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.
Осыған дейін полиция Алматыда қылмыс әлемінде танымал Арман Жұмакелдиевтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.