6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.
Көшелерде нарядтардың саны артып, мерекелік шаралар өтетін орындарға, халық жаппай сейіл құратын аумақтарға баса көңіл бөлінбек. Қалаларда «Батырларға тағзым» атты шерулер өтетіндіктен, полиция қызмектерлері аталмыш шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қадағалайтын болады.
«ІІМ жол қозғалысына қатысушылардан шеру кезінде баратын бағыттарын күні бұрын жоспарлап, апаттар мен кептелістердің алдын алуды сұрайды. Қоғамдық тәртіпті бұзып, мәдени шаралардың шырқын кетіру әрекеттеріне полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайтын болады» - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.