Іс-шараның ашылуында министрліктің Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, сонымен қатар ІІО мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Сүлейменов сөз сөйледі.
Сол күні демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.