«Алматыда қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің арнайы операцияны сәтті өткізуінің нәтижесінде тұтқында болған 18 жастағы бойжеткен құтқарылды. Қылмыс алдын ала келісіп алған топтың 9 тамыз күні тұрғын үйге қару қолданып басып кіруі арқылы жасалған. Шабуылдың салдарынан ұрланған бойжеткеннің туысы травматикалық қарудан оқ жарақатын алған», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
Оның сөзіне қарағанда, басты күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.