Кездесуде БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитетінің Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің талаптарын орындауы туралы екінші мерзімді баяндамасының нәтижелерін қарастыру бойынша берілген ұсынымдарының имплементациясының барысы талқыланды.
Ішкі істер министрінің орынбасары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ІІМ қызметінің негізгі аспектілеріне тоқталып өтті және адам құқықтарын сақтау қағидаларының бұлжымастығын растады.
Министрдің орынбасары Қазақстандағы бас бостандығынан айыру орындарына халықаралық және құқық қорғаушы ұйымдардың емін-еркін баратынын атап өтті.
Жыл ішінде мекемелердегі жазасын өтеушілер санының үштен бір бөлікке азайып, нәтижесінде 8 мекеме жабылғандығы айтылды.
«Қамаудағылардың тамақтану нормалары мен тұратын аумағы кеңейді, сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жақсарды, колониялардағы құқықтық тәртіп күшейді. Мекеме әкімшілігіне шағым сегіз есеге азайды",-деді министрлік өкілдері.
Шараға қатысқан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, өзіндік қауіпсіздік, тергеу және криминалды полиция департаменттерінің басшылары қонақтарды азаматтардың құқығын қорғау, сотталғандардың қылмысын ашу, тергеу және оларды ұстау барысында орын алатын азаптауға қарсы жұмыстар жөнінде хабарландырды.